Облыстық азық-түлік және ауыл шаруашылығы басқармасының болжамы бойынша, биылғы жылғы алынатын астық кемінде 4,5 миллион тоннаны құрайды деп күтілуде. Басқарма бастығының орынбасары Сергей Галаниннің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы болмаса астықтың түсімі мұнан да өнімді болар еді.
«Ылғал сақтау технологияларын кеңінен пайдалану біздерге жыл сайын 4,5-6 млн. тонна астық алуға кепілдік береді», - деді С. Галанин.