Қостанайлық футболшылар мәскеуліктерді 1:0 есебімен ұтты

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Түркияда «Қайрат» пен «Торпедо» футбол клубтары жолдастық кездесу өткізді.

Вячеслав  Грозный жаттықтыратын қостанайлықтар бұл ойында мәскеуліктерден 1:0 есебімен басым түсті. Бұл олардың 20 ақпанда басталған үшінші оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуі болатын.

Бұған дейін «Тобыл»  21 ақпанда  Украинаның Донецк қаласының  «Шахтерін»  5:1, 23 ақпанда Ресейдегі Орынбордың «Газовигін» 2:1, 27 ақпанда Өзбекстанның Мубарек қаласының «Машъал» командасын  3:1 есебімен ұтқан болатын. Енді  Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарындағы жеңістер топтамасын 10-ға дейін жеткізіп отыр. Олар онда 2  ойында ғана қарсыластарымен тең есепті қанағат тұтты.  

Қостанайлық аяқдопшылар Түркиядан өз қаласына 7 наурызда оралмақ. Олар ел чемпионатындағы алғашқы матчын  10 наурызда Алматының «Қайратымен» Затаболда өткізеді.