Қостанай облысы өңірлік-аэроұтқыр жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтің айтуынша кəсіпкер Александр Коржавиннің мүрдесі Қарасор өзеніндегі қамыстардың арасынан шыққан.
«Жоғалып кеткен кәсіпкер Коржавинді іздестіру кезінде алтыншы күні таптық. Іздеу шаралары аяқталды», - деді Шмидт.
Еске салсақ, белгілі кәсіпкер Александр Коржавин 78 жастағы досы Николай Вещиковпен бірге аңға шығып, оралмаған . Оны іздеуге тəртіп сақшылары, еріктілер, кəсіпкердің туған-туыстары жұмылдырылды.