Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді.
Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осы жеңісінен соң Жан Кособуцкий әлемдік рейтингтегі жағдайын біраз жақсартып, 345-орынға көтерілді. Айта кетейік, тағы бір қостанайлық кәсіпқой Иван Дычко 261-орында келеді.
Белгілі болғандай, Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізеді.