Қостанайлық католиктер Рождествоны атап өтуде
19:59, 25 Желтоқсан 2009
ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайлық католиктердің Успения Богородицы ғибадатханасы Рождество мерекесін жергілікті жерде тойлаудың орталығына айналды. Оған Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин қатысты.
Облыс басшысы ғибадатшыларды - әлемдегі саны ең көп конфессиялардың бірінен саналатын католиктерді құттықтады. С.Кулагин қостанайлық католиктерге зор денсаулық, әлемге тыныштық және отбасыларына игілік тіледі.