Қостанайлық кеденшілер халықаралық жарыстарға қатысты

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясындағы Челябі кедені кубогының «Ұлы Жібек жолы» жарысына қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстарға Оралтау, Магнитогор, Кольцов, Челябі кедені қызметтерінің, сондай-ақ Челябі облысы бойынша РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің маман-кинологтары қатысты. Қостанайлық кинологтар жарысқа қатысқан жалғыз ғана қазақстандық өкіл болды.

Өздерінің тәрбиеленушілерімен - қызметтік иттерімен - кеденшілер іздеуден жарысқа түсті және жүктердегі, жеңіл көліктердегі және үй-жайлардағы есірткі құралдарын тапты. Қазылар сонымен қатар, олардың тәрбиеленушілерінің жалпы бейімдік даярлығын да бағалады.