Мереке күндері елордада өткен Қазақстан Республикасының VI чемпионаты осы спорт түрінен үздік өкілдердің басын қосты.
Қостанайлық команда финалға жеткенше келесі командалармен кездесті: «Бейнеу» (Маңғыстау) – 10:1; «Бекет» (СҚО) – 4:4; «Korkem-Kazaly» (Қызылорда) – 5:4; «Тұлпар» (Павлодар) – 8:2; «Жігер» (Атырау) – 7:3; «Қайсар Плаза» (Алматы) – 4:1; «Биосфера» (Қарағанды) – 2:2, пенальти бойынша 5:4.
Финалдық кездесуде ТЧЭ-14 (Қарағанды) пен «Allur» (Қостанай) арасында тартысты жекпе-жек өтіп, Алексей Забогонский жалғыз жеңіс голының авторы атанды.
Чемпионаттың үздік ойыншысы болып Асхат Тайбасаров (Allur) атанды.