Оқиға Алтынсарин ауданында болған. Құсмұрын өзеніне балық аулуға шыққан 53 жастағы ер адам үйіне оралмаған.
«Іздеу жұмыстары Силаньтев ауылынан 70 шақырым қашықтықтағы Құсмұрын өзені маңында жүргізілді. 1965 жылы туған ер адам балық аулауға шығып, адасып кеткен. Бірнеше сағаттан соң құтқарушылар балықшыны тапты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар айтқандай, балықшы медициналық көмекке жүгінбеген.