19 қарашада Б. Майлин ауданы Павлов ауылдық округінде 1973 және 1980 жылғы екі ер адам жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, ағайындылар таңертең жоғалған малын іздеуге шыққан.
«Сағат 23:29-да жедел құтқару жасағы Қостанай қаласынан Павлов ауылына дейін 180 шақырым жол жүріп, із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге кіріскен. Құтқарушылардың айтуынша, ер адам кенттен 8 шақырым жердегі Викентьевка ауылына қарай бет алған. Құтқарушылар 20 қараша күні 04:55-те екі ер адамды тапты. Олардың қатты тоңғанын көріп, құтқарушылар машинаға отырғызып, жылытқан және тамақ берген», - деді ТЖД-дан.
Табылғандардың бірі үйге қайтатын жолды білген, бірақ боран қатты соғып, олар тоңып қалған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖД-дан төтенше жағдайға тап болған азаматтардың «101» немесе «112» нөмірлеріне байланысу керегін ескертеді.
Авторы: Жанна Мұсабаева