Қостанайлық құтқарушылар қар құрсауынан 200-ге жуық көлікті шығарды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының жолдарында 200 көлік иесі боран салдарынан қар құрсауында қалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оларға көмекке Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Жасақ басшысы С. Шмидтің айтуынша, бұл күндері боран салдарынан 200-дей көлік кептелісте тұрып қалды. Қызметкерлер жол талғамайтын көлікпен адамдарды эвакуациялады.
 

 «Октябрьский кентінің жанында ауыр жағдай қалыптасты. «Камаз» көмегімен қар құрсауынан 7 көлік құтқарылды, - деді С. Шмидт. - Көліктер ішіндегі 12 адам эвакуацияланды.
 

Еске салсақ, қатты боран салдарынан Әуликөл орталығынан Ақмола облысы шегіне дейінгі учаскеде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолында көлік қозғалысы тоқтатылған.