Күн сайынғы рейд облыстың жабдықталған және бақылаусыз жағажайларында жүргізіледі. Қалада және облыста суға түсуге арнайы жабдықталған орындардың болуына қарамастан, көпшілік тұрғындар бөлектеніп, суға түсуге арнайы жабдықталмаған орындарда және құтқарушы - жасақшылармен күзетілмейтін орындарда суға шомылғанды жөн көреді.
Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, 1 250-ден астам кеңес берілді, жағажайда 3 мыңдай парақшалар мен жаднамалар таратылды.
Күн сайынғы рейдтік іс-шаралар барысында суайдынында үлкендердің қарауынсыз жүрген балаларда бар. Бейтаныс суайдынында ересектердің бақылауында болған бала да суға батып кетуі мүмкін. Жағада демалып ата-аналарымен жатқан екі бала суға шомыламыз деп, су астындағы шұңқырға түсіп кеткен, ата-аналары бір баланы ғана құтқарып калды.
10 шілдеде құтқарушылар тақтайдан құрастырып қолдан жасалған салдан төрт баланы түсіріп алып, ата-аналарына қайтарды.
Суға түсу маусымында құтқарушылар мас күйдегі үш жасөспірімді үйлеріне жеткізіп және ата-аналарына табыстады. Құқыққорғау органдарымен бірлесіп жасөспірім балалардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жылдың басынан бастап облыста 3 бала суға кетті, барлық жағдайлар ата-аналардың салғыртығынан болған.
Құтқарушылар азаматтардан жағажайда және суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, балаларға суайдынында қауіпсіздік ережесін бұзу кезінде оларға қандай қауіп төнетінін ескерткен өте маңызды.