Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Лисаков қаласының №1 шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына арнайы техника мен 6 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
«Өрт туралы хабар сағат 23:39-да түсті. Газ-түтіннен қорғау қызметі жеткенде үйдің үшінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқан. Құтқарушылар өрт шыққан пәтердің есігін аша алмай, бұзып кіруге шешім қабылдады. Солай еденде жатқан әйелді байқаған. Оны арнайы баспалдақ арқылы төменге түсіріп, дәрігерлерге тапсырды», - делінген ТЖД-ның хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша, үй иесі отты абайсыз қолданған. Нақты себептері мен шығындар анықталуда.