Ресейлік полицейлер қазақстандық құқық қорғау органдарымен бірлесіп, атышулы қылмыс жасап, 6 айға жуық уақыт жасырынып келген 18 жасар Арзул Гаджиевты ұстады.
«Өңірлік ІІМ ММ қылмыстық іздеу басқармасының қызметкерлері Қостанай облыстық ішкі істер департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, РФ Челябі қаласындағы Победа даңғылында орналасқан үйлердің біріндегі кіреберісте тұтқындалды. Қазіргі таңда ол қамауда отыр. Оны Қазақстан Республикасының аумағына экстрадициялау мәселесі қаралуда», - деп хабарлады Челябинск облыстық ІІМ ММ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, оқиға 2016 жылдың 5 шілде күні Қостанай қаласындағы Алтынсарин көшесінің бойындағы екі қабатты ғимараттың маңында орын алған. Қостанайлық 13 жасар қыздың көзіне оған таныс емес 18 жасар жігіт оқ атқан. Қылмыскердің қазақстандық видеоблогер екендігі анықталды.
16:25, 10 Ақпан 2017
Қостанайлық қыздың көзінен атқан блогер Ресейде ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда 13 жасар қыздың көзінен атқан қазақстандық видеоблогер Челябинскіде ұсталды. Жігіт құқық қорғау органы өкілдерінен жарты жыл бойы жасырынып келген, деп хабарлайды dostup1.ru.