Қостанайлық оқушы әлемдегі ең мықты математика білгірлерінің қатарына енді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдан келген оқушы Жан Дәуітов Халықаралық математикалық Олимпиадада «қола» медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Photo: gov.kz

«2-13 шілде аралығында Чиба қаласында (Жапония) 64-ші Халықаралық математикалық олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған»Білім-инновация«мамандандырылған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Жан Дәуітов қола медаль жеңіп алды. Бұл - Қостанай облысының тарихында 15 жылда алғаш рет болған осындай маңызды жетістік. Лицейде жылдар бойы алған білім өз жемісін берді», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл жас қостанайлықтың алғашқы маңызды марапаты емес. Осы оқу жылында Жан республикалық оқушылар Олимпиадасының, геометрия бойынша Иран олимпиадасының, Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының алтын медалін, «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасы және Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдесін, Балқан математикалық олимпиадасының қола медалін жеңіп алған.

Жанна Мұсабаева