Бүгін Қостанай қалалық ІІБ кезекші бөліміне №17 мектепке бомба қойылды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 80-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылған. Жедел тергеу шараларын жүргізгеннен кейін 9 сынып оқушысының емтихан өтпеуі үшін осындай әрекетке барғаны белгілі болды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық іс қозғалған баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.