Наурыз - қамқорлық айы. Ұзынкөл ауданының полицейлері осы қағидаттан айнымай, көпбалалы Лебедевтер отбасын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шықты.
Тәртіп сақшылары бұл жолы балаларға ет асып, бауырсақ пісіріп әкелді. Сонымен қатар, олар ауыл ішінде тігілген киіз үйлерге соғып, қазақтың ұлттық тағамдарын таратты.
Ұзынкөл ауданында мерекеге орай ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Жастар қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.