ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аға сержант Данияр Асылхан мен сержант Жанат Құлманов Қостанай-Әулиекөл автожолының 65 шақырымында жылдамдықты шектен тыс асырған «Фольксваген» автокөлігін тоқтатқан.
«Көлік ішінде РФ Свердлов облысының Екатеринбург қаласында қылмыс жасаған қазақстандық болған. Тексеру кезінде ақ түсті ұнтақ салынған целлофан пакет, айрықша иісі бар, өсімдік тектес есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Оқиға орнына Әулиекөл аудандық ІІБ жедел-із кесу тобының қызметкерлері шақырылды», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Белгілі болғандай, қылмыскердің қалтасында 2016 жылы Қостанай қаласынан ұрланған «iPhone 5» маркалы телефоны болған. Осы іске қатысты тергеу шаралары басталды.