Қостанай облысы ІІД қызметкерлері 20 қазан күні үйінен шығып кеткен 12 жасар Александр Рябухинге іздеу салды.
«Егер баланы көрсеңіздер, бірден полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Оқушының бойы - 150-160 см, арық денелі, шашы қысқа. Үстінде мектеп формасы, қара түсті куртка мен шалбар болуы мүмкін. Александр Рябухин туралы ақпаратты мына телефондар арқылы да хабарлауға болады: 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12.
Еске салсақ, із-түссіз жоғалып кеткен екі баланың анасы Ольга Сальник Қостанайдағы құрбысының үйінен табылды.
11:27, 31 Қазан 2018
Қостанайлық полицейлер үйінен шығып кеткен 12 жасар балаға іздеу салды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған мектеп оқушысы Александр Рябухинді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.