Жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде болды. Қостанай – Сұрған автожолының 66 шақырымында жаяу жүргіншіні көлік қаққан. Алайда, оқиға орнынан жүргізуші қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.
Полицияның жеке құрамы күдіктіні іздеуге бағытталды.
ЖКО орнынан көлік фарасының сынықтары алынды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) және ҚР ҚК-нің 347-бабы (ЖКО орнын қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерді және жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.