Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Аят кеден бекетінде ұстады.
«Күдікті «Mercedes-Benz» автомобилін жақында Челябіден сатып алғанын айтқан. Алайда, тұрғынды тергеу барысында оның жалған құжат жасағаны анықталды. Себебі сату-сатып алу шарты көліктің аталған азаматқа тиесілі екенін растамады», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.