«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 6 желтоқсанда Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері Е. азамат С.-дан 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Полицей ұрлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша алғаны анықталды», - деп хабарлады аталған ведомство.
Сондай-ақ, тәртіп сақшысының кінәсін толықтай мойындауы және тергеумен жұмыс істеуге келісім беруі себепті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша бұлтартпау шарасы қолданылмады.