Облыстық ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, облыс орталығының 48 жасар тұрғыны М.Куликовтың әйеліне пышақпен шабуыл жасайды және оның сөмкесін тартып алады. Әйел аман-есен сытылып шығып, үйіне келіп оқиғаны күйеуіне айтады. Ол полицияға телефондап, өзі қаскөйді іздеуге шығады.
М.Куликов қылмыскерді қуып жетіп ұстап, полицейлік патрульге тапсырады.