НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысыӘулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпараткеліп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180шаршы метр аумақты от шарпыған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық сөндірді. Оған Қостанайоблыстық ТЖД 7 маманы мен 2 техникасы жіберілді.
Оқиға орнынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.