9 қаңтар күні сағат 02:30 шамасында «102» нөміріне Кирпичная көшесіндегі үйде жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабарлама келіп түскен. Оқиға болған жерге тәртіп сақшылары, кинологтар, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер қызметі жұмылдырылды.
«Полиция өкілдері ақпараттың жалған екенін дәлелдеді. Сол күні күдіктінің кім екенін анықталды. Ол 22 жастағы жұмыссыз, қала тұрғыны болып шықты. Мұндай хабар таратқан жігіт 8 қаңтар күні кешке Кирпичная көшесіндегі танысының үйінде қонақта болған. Түн ауа отырыстан мас шыққан ол полицияға жалған хабарлама жіберген», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде. 22 жастағы қала тұрғынының кінәсі дәлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер терроризм туралы жалған ақпарат таратқандардың мекенжайын анықтау қиын еместігін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырады.