Қостанайлық зейнеткер үшінші рет Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайлық зейнеткер үшінші рет Гиннестің рекордтар кітабына кірді, деп жазады КТК.

74 жастағы Александр Чебаный кез келген жас жігітпен теңесе алады: ол ауыр гір тастарын оңай көтеріп, күні бойы спорт залында жаттығады. Қазіргі кезде рекордшы жаңа, санақ бойынша төртінші рекордты орнатпақшы.

Александр Чебаный 74 жаста. Құрдастары емханаларға барып, буындарын едеумен жүрген кезде ол спорт залында темір көтеріп жүр. Зейнеткер спортпен бала кезінен аурушаң болғасын айналыса бастағанын айтады. Есесіне бүгінде оның денсаулығына 20 жастағылар да қызығатындай болды.

«Әуелі гимнастикамен айналыстым. Олан кейін атлетика, спорттық ойындарға қызықтым. 2009 жылы гір спорты бойынша аға жаттықтырушы қызметінен «еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағын алдым, одан кейін зейнеткерлікке кетіп, өзім де белсенді шыға бастадым», - дейді ол.

Гір тастарын көтеруден үш дүркін рекордшының медальдарын көрсетті. Арасында, күміс, қола, ең көбі алтын болған, барлығы 95 медалі бар. Оларды спорт ардагері Лондондағы Гиннестің рекордтар кітабының штаб пәтерінен сертификаттармен бірге алған. Олардың «70-тен асқандар» санатындағы командасында өздерімен теңесетін ешкім болмады.

«16 келілік екі гір тасын 75 рет көтере аламын. Ал жұлқа көтеруде бір гір тасын 10 минутта 160 рет көтеремін», - дейді А. Чебаный.

Соңғы жаңалықтар