Облыстық денсаулық сақтаубасқармасының баспасөз қызметінде айтылғандай, жедел жәрдем қызметініңcall-орталығына бірнеше жеткіншек негізсіз қоңырау шалған.
Сонымен қатар, ойын балаларыоператорларға балағат сөздер айтқан.
«Біздің қызметтің желісінекеше сағат 14:00 бастап, бір бала қоңырау шала берді. Салдарынанcall-орталықтың жұмысы тоқтап қалды. Бәлкім, сол аралықта расымен де көмеккешақырғандар болуы мүмкін. Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмаулары тиіс.Мұның арты үлкен жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз. Мұндай жағдайларкөбейіп барады», - дейді облыстық жеделжәрдем қызметінің жетекшісі Ирина Штейгервальд.
Дәрігерлер бұл дерек бойыншаоблыстық полиция департаментіне хабар берген.