Қостанайлықтар базардағыдан төмен бағамен өнім ұсынады, деп хабарлады ortcom.kz. Жәрмеңкеге Қостанай облысының 14 ауданы мен қаласынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысады. Сөрелерге 100 түрлі шұжық, сүт, кондитерлік, ұн, макарон өнмдері қойылады. Барлығы 650 тоннаға жуық өнім сатылады.
«Жәрмеңке екі күн таңғы сағат 10-нан кешкі 4-ке дейін жұмыс істейді. Сатып алушыларға 55 тонна картоп, көкөністер ұсынылады. Еттен (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті) басқа тәттілер, табиғи бал сатылады», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин.