Қостанайлықтар коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысының тұрғындары коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз. Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Исенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлықтардың қарыздары жыл санап көбейіпбарады.

«Тұрғындар ең көбі жылуға қарыз – 254 млнтеңге. Сумен қамту бойынша 74 млн, электрге - 35 млн, газға - 23 млн теңгеқарыз», - деді А.Исенбаев.

Облыстың коммуналдық кәсіпорындары жалпысомасы 156 млн теңге болатын 3196 талап арыз берген. Бұдан бөлек, жалпы сомасы83,5 млн теңге болатын 1900 талап бойынша сот шешімдері және орындау қағаздарыбар. Қазірге дейін жалпы сомасы 44,3 млн теңгені құрайтын 875 талап орындалған.

Алмат Исенбаевтың айтуынша, жыл басынан бері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ бағасын тұрғындарға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 20%, заңдытұлғаларға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 3% арзандатқан.



Автор: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар