«2017 жылдың 9 айы ішінде облыс халқының шетел валютасын сатып алуға жұмсаған шығындары шамамен 75 млрд теңгені құрады, оның ішінде Ресей рублін сатып алуға 52%-ы немесе 39 млрд теңге, Ресей рублін сатып алуға 41%-ы немесе 30 млрд теңге, еуроға 7%-ы немесе 6 млрд. теңге болған», - деп хабарлады ӨКҚ брифингі барысында Ұлтық банктің Қостанай бөлімшесінің директоры Жомарт Қажрахимов.
Ол қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты жеке тұлғалардың жеке шығындарын өтеуге - шетелге бару, шетелге ақша аудару, жинақтарды әртараптандыру, сондай-ақ, сауда-саттық шаралары бойынша шағын кәсіпкерліктің белгілі бір санаттарының қажеттіліктері деп түсіндіреді.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен аймен салыстырғанда екі жетекші валютаны сатып алу көлемінің төмендегенін байқауға болады: доллар - 23%-ке және еуро - 2,5%-ке азайған. Бұл - жалпы демалыстардың аяқталуымен, сондай-ақ халықтың девальвациялық болжалының тұрақтанғанымен түсіндіріледі», - деп атап өтті ол.
21:55, 31 Қазан 2017
Қостанайлықтар валюта сатып алуға 75 млрд теңге жұмсаған
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлықтар 9 айдың ішінде шетел валютасын сатып алуға 75 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық банктің бөлімшесіне сілтеме жасап.