Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен істеп жатыр. Жұмыс тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.
Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.