Нәтижесінде аталған мәселе ел азаматтарының талқысына ұсынылып, осы мақсатта дауыс беру ұйымдастырылды. Егер қосымша ақы төлеу қағидасы қоғам тарапынан мақұлданып жатса, балалар, әйелдер және өзге де әлеуметтік аз қорғалған тұрғындардан басқалары жоспарлы медициналық қызметтерге кететін шығынның бір бөлігін өздері төлеуі мүмкін.
Айта кету керек, қосымша ақы төлеу қағидасы шұғыл медициналық жәрдем көрсетуге қатысты емес, тиісінше жедел жәрдем қызметі ақылы болмайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «жедел жәрдем» қызметінің жұмысы үшін тұрғындардан ақы алу туралы жобаны жүзеге асыру жөнінде бастама көтерген емес. Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар және солай болып қала береді.
Дауыс беру қорытындылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады.