Қосымша құн салығын әкімшілендіруге бірқатар өзгеріс енгізілуде - Б.Сұлтанов
«Бақыт Тұрлыханұлы, өздеріңіз білесіздер, қосымша құн салығына көп жылдардан бері сын айтылып келеді. Өзгесін айтпағанда, Елбасы айтқан 100 қадамнан тұратын шаралардың ішінде қосымша құн салығын сатылымнан түсетін салыққа ауыстыру туралы мәселесі айтылған. Осы тұрғыда қандай пікірлеріңіз бар? Бұл біздің салық саласына қандай өзгерістер әкеледі?» - деп сұрады сенатор Бақытбай Шелпеков министрден.
Өз кезегінде министр қосымша құн салығын әкімшілендіру жұмысында біраз проблемалар бар екендігін ашық айтты.
«Жалған кәсіпкерлікке қатысты айтсам, ставкаларды қайтарған кезде біраз мәселелер кездеседі. Қосымша құн салығын әкімшілендіру кезінде біраз өзгеріс енгізіп жатырмыз. Сол проблемаларды жою үшін жұмыс жүргізілуде. Мысалы, электронды счет-фактураларын енгізудеміз. Бұл қазіргі таңда ілкі жоба ретінде, ерікті тәртіппен жүргізіліп жатқан жұмыс. Ары қарай заңнамаға өзгерістер енгізгенде, жүйені жетілдіру үшін ұсыныстар жоспарлаудамыз. Бірақ, өзіңіз айтқандай, басқа салыққа ауыстыру туралы тапсырма бар. Қазір жұмыс тобы іске кірісті. Сіз терең сұрақ қойып отырсыз, сондықтан жұмыс тобы атқарған жұмыстың нәтижесін сізге жазбаша жауап береміз", - деді Б.Сұлтанов.