Қосымша «Қызылорда-Түркістан» жолаушылар пойызы жолға шығады

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 рейске №619/620 «Қызылорда-Түркістан» жолаушылар пойызын шығарады.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрам 2013 жылдың 22 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қатынайды. Қызылордадан құрам 06 сағат 43 минутта шығып, Түркістанға осы күні 13 сағат 10 минутта келіп жетеді. Өз кезегінде Түркістаннан 17 сағат 00 минутта аттанып, Қызылордаға сол күні 23 сағат 09 минутта келеді.

Пойыз 1 техникалық және 6 жоғары жайлылыққа ие жалпы жолаушылар вагонынан құралған.