Баспасөз мәслихаты барысында жауапты хатшыға «мемлекеттік қызметкерлер көбінесе жұмыс орнында қызметін түнге шейін атқаратындығына байланысты оларға бонустар қарастырыла ма?» деген сауал қойылды.
«Жаңа реформаның, заңнаманың қағидаттарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің ең біріншіден әлеуметтік жеке құқықтары сақталуда. Ол еңбек нормаларына сай қосымша мемлекеттік органның қажетті міндеттерін атқаруға байланысты уақытын бөлгеніне қосымша бонус ретінде немесе басқа төлемдер көзделген», -деді С. Ахметжанов.
Оның сөзіне қарағанда, осы мәселе бойынша жаңа еңбек төлем жүйесі әзірленуде. «Ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді»,-деді
Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарияланған болатын.
«Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек»,-деп атап өтті ҚР Президенті.