Кот-д'Ивуарлық футболшы Жерар Гоу Қазақстан құрамасында ойнауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық 'Қайрат' командасының шабуылшысы Кот-д'Ивуарлық футболшы Жерар Гоу Қазақстан құрамасында ойнауға дайын. Бұл туралы ол УЕФА сайтына берген сұxбатында мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

27 жастағы ивуарлық футболшы 2014 жылдан бері қазақстандық премьер-лигада ойнайды. Осы жылдары ол 70 кездесуде 56 гол салып, екі мәрте ҚПЛ-дың үздік шабуылшысы атанды.

"Қайрат" клубына келмес бұрын Жерар Гоу Ресейде, Түркияда, Швейцарияда ойнады.

"Мен Қазақстанда екі жылдан астам тұрып жатырмын, тілшілер менің құрамаға ауысу туралы пікірімді жиі сұрайды. Мен дайынмын. Бірақ ол үшін менде паспорт болуы керек, федерация өзінің ұсынысын жасауы қажет. Қысқасы, егер федерация менің Қазақстан құрамасында ойнағанымды қаласа - мен дайынмын", - деді Гоу.

Айта кетейік, Жерар Гоу Кот-д'Ивуар құрамасында жоқ. Дегенмен 23 жасқа дейінгі Олимпиада құрамасында бірнеше матч өткізді.