Көтергіш машинаның тоқтап қалуы салдарынан 32 кенші шахтада қалып қойды

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кернеудің төмендеп кетуі салдарынан «Қазмырыштың» Риддер-Сокольный руднигіндегі Быструшинский шахтасының бағанында көтергіш машина апатты жағдайда тоқтап қалды,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға     тамыздың 4-і күні сағат 13.50-де орын алды.    Көтергіш машина    тоқтап  қалған  кезде, клетте 32 кенші  болған.   Сағат 16.20-да  Риддер   әскерилендірілген  кен-құтқару  жасағының  екі бөлімшесінің күшімен барлық   кенші   қауіпсіз   жерге    шығарылды.   Зардап шеккендер  мен  құрбан болғандар жоқ.