Көтерілетін көлік салығы Қазақстандағы автокөліктердің 88 пайызына қатысты болмақ - Е. Досаев

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Енгізілгелі отырған көлік салығы Қазақстандағы автокөліктердің 88 пайызына қатысты болады. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Жүктемені біртіндеп өсіру мақсатында салық мөлшерлемелерін үш санат бойынша саралап енгізу көзделеді. Атап айтқанда, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметр 3200 текше сантиметрге дейінгі салық мөлшерлемесі 35 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Яғни, еліміздегі 51 мың 411 көлікке салынатын салық ендігіне 60 мың 595 теңгеден 61 мың 985 теңгеге жетеді. Ал қозғалтқышы 3200-ден 3500 текше сантиметр құрайтын көлікке салық 81 726 теңгені құраса, қозғалтқышы 3500-ден 4000 текше сантиметр болатын көлік салығы 117 746 теңгеге өседі. Бұл еліміздегі 27 мың 72 автокөлікке қатысты болып отыр», - дейді Е.Досаев.

Дегенмен, министр қымбат көліктерге салық мөлшерлемесінің мұншалықты артқанына қарамастан, оның көлемі Ресейге қарағанда әлі де төмен болып отырғанын алға тартады.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев, қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын көліктерге қарастырылған жеңілдіктер алынып тасталатынын жеткізді. «Ал 4 мың текшеге дейінгі көліктердегі жеңілдіктер сақталы қалады», - деді министр.