Еурооодақ кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэля Баррозоның таратқан мәлімдемесінде Ливияда болған соңғы оқиғалар Ливия халқы үшін еркіндік пен өзін-өзі билеуді қолға алу үшін мүмкіндік тудырып отырғаны аталып өтілген. «Ливия халқының бостандыққа деген талпынысы тарихи сәтіне жақындауда. НАТО бірқатар ЕО елдері мен аймақ елдері тарапынан қолдауға ие болып отырған Ливия оппозицясының үздіксіз күш-жігері Каддафи режімін тоқтатуға жақын. Біз Кадддафи жақтастарын халық қалауын мойындап, қан төгістің алдын алу үшін отставкаға кетуге шақырамыз», - делінген хабарлама мәтінінде.
Бұрын хабарлағанымыздай, Ливия оппозициясы Триполи қаласын басып алғандын мәлім еткен.