«Котто-Гил жекпе-жегін көргім келеді. Бұл айқастың жеңімпазымен шаршы алаңда кездесу мүмкіндігін күтемін, оған WBC-дің орта салмақтағы нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді. Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды», - деген Головкиннің сөздерін келтіреді Fighthype.
Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Нью-Йорк қаласында WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 34 жастағы Котто өз атағын қорғау мақсатында әлемнің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, 34 жастағы Гилмен рингте кездеседі.