Бұл шараның басты мақсаты - коучингті мамандық ретінде насихаттау.
«Коучинг адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашады», дейді «Step&Grow» коучинг академиясының Бас директоры, сертификатталған коуч және ІСF мүшесі Галия Хамитова. Ал Питерсен Импартс компаниясының Орталық Азия мен Моңғолиядағы өкілдігінің басшысы, кәсіби коуч Давид Машуровтың айтуынша, Қазақстанда бұл жаңа бизнес емес. Ол көптеген халықаралық және ұлттық компанияларда қазірдің өзінде табысты қолданылып жатыр.