Коучинг әлемнің өзге елдерінде мамандықтың бір түрі саналады - Давид Машуров

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бұл шараның басты мақсаты - коучингті мамандық ретінде насихаттау.

Оны Питерсен Импартс компаниясының Орталық Азия мен Моңғолиядағы өкілдігінің басшысы  Давид Машуров бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандағы алғашқы халықаралық коучинг апталығында айтты.  

«Коучинг  қазірдің өзінде көптеген елдерде мамандықтың бір түрі  болып саналады. Дегемен ТМД елдерінде әзірге бұл олай емес. Біздің басты қағидамыз - клиенттерімізге зиян келтірмеу. Коучинг барлық адамға бірдей керек емес. Ол саналы түрде өзінің алдына мақсат қойып, соған жетуге талпынушылар үшін керек. Бұл, әсіресе басқарушыларға қажет», - дейді кәсіби коуч Д. Машуров. Негізінен басқарушы топ-менеджерлермен жұмыс істеуге  маманданған ол: «Коучингті білім саласында да қолдануға болады», - дейді. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу жайын ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында  да айтты. Елбасы - "Біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес. Медицина институтын бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Политехникалық жоғары оқу орнын  тәмамдаған түлек әлі де инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осындай. Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту орталықтарын құруды тапсырамын" - деді. Бұл өте дұрыс шешім деуге болады.