Қазақстандық спортшы бұған дейін 2 ақпан күні Американың Фриско қаласында (Техас, АҚШ) Сергей Ковалев пен Элейдер Альварес реваншының андеркардында жекпе-жек өткізетінін хабарлаған болатын.
BoxRec.com сайтының мәліметінше, Жәнібектің бесінші жекпе-жегінде оның қарсыласы АҚШ өкілі, The Hitman (жалдамалы кісі өлтіруші) аталып кеткен боксшы Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болады.
Еске сала кетейік, қараша айында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте төртінші жекпе-жегін өткізіп, онда қарсыласы болған америкалық боксшы Александр Вонды жеңген.