Қой етінің экспорты екі есе өсті — АШМ
АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2025 жылдың 5 айында елдегі мал саны қалай өзгергенін айтты.
— Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрі бойынша мал басы тұрақты өсіп отыр. Жыл басынан ірі қара мал басы 23,4% артты (9,6 млн бас), ұсақ мал — 7,8% (26,3 млн бас), жылқы — 12,2% (5,0 млн бас), түйе — 8,5% (321,3 мың бас), құс — 2,2% (47,7 млн бас) өсті, — деді ол.
Оның сөзінше, Қазақстан шаруалары ет пен қой етіне деген ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етіп отыр.
— 2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етінің экспорты 1,4 есе артып, 22 мың тоннадан асса, қой етінің экспорты 2,2 есе өсіп, шамамен 18 мың тонна болды.
Жыл басынан мал шаруашылығында өңдеу артты. Оның ішінде шұжық өнімдері — 11,3%, ет консервілері — 27,5%, тоңазытылған және мұздатылған қосалқы өнімдер тиісінше 41,9% және 47,1% өсті, — деді Айдарбек Сапаров.
Бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығын цифрландыру қалай жүріп жатқанына шолу жасаған едік.