Қой-Таштағы оқиға: Атамбаев пен жақтастарына қандай айып тағылды

Фото: None
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – 7-8 тамызда Қой-Таш ауылында болған оқиға аясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың сыбайластарына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Кабар агенттігіндеөткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитовмәлім етті.

Оның айтуынша, қылмыстық істер,атап айтқанда, жаппай тәртіпсіздік, тұтқынға алу, төрт іс – өлтіруге әрекеттенужәне бұзақылық бойынша козғалған.

Бас прокурор тергеушілерденведомствоаралық комиссия құрылғанын атап өтті.

Оның сөзінен белгілі болғандай,тұтқынға алу және жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша Фарид Ниязов, Алга Кылычев,Амантур Джамгырчиев және М.Шаменов ұсталды. Сот қаулысына сәйкес, олар 8қазанға дейін тұтқынға алынған.

Откурбек Джашитовтың айтуынша,Атамбаевқа қару қолдану, жаппай тәртіпсіздік орнату, тергеуге кедергі келтіру,тұтқынға алу, 1 адамды өлтіру және өлтіруге оқталу ісіне қатысты күдіктеліп отыр.

7 тамыз күні кешке Қой-Ташта елдіңбұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде А.Батукаевтың ісі бойынша тергеуоргандарына күштеп әкелу кезінде қауіпсіздік күштері өкілдері мен бұрынғы президенттіқолдаушылар арасында қақтығыс болды.

Салдарынан «Альфа» МҰҚК арнайыбөлімшесі басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков көз жұмып, 40-тан астам адамжараланды.

8 тамыз күні құқық қоргауоргандары Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде қолға түсіріп, 26 тамызға дейінҰҚК Тергеу изоляторына жіберілді.

Қой-Ташта орын алған жағдайға, арнайжасақ қызметкерінің көз жұмуына және құқық қоргау органдары қызметкерлерініңжарақаттануына байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.



Соңғы жаңалықтар