Аталған жарысқа барлығы 60 адамнан құралған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ҰҚК Академиясының, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Академиясының, ҚР Кеден комитетінің, сондай-ақ Қостанай облысы мен Арқалық қаласының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командасы жалпыкомандалық ІІ орынды жеңіп алды, І орынды ҚР ІІМ, ІІІ орынды ҚР ҰҚК Академиясының өкілдері иеленді.
Жекелеген сайыстарда Шекара қызметінің әскери қызметшілері үш бірдей бірінші орынға және үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.