Жоба QazaqGaz ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны «QazaqGaz Aimaq» АҚ, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.
Жалпы ұзындығы 226 км-ден астам газ құбырлары арқылы сағатына шамамен 30 мың м³ газ жеткізіледі, ал жаңа газ реттегіштері бес мың үйді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«QazaqGaz Aimaq» Астана филиалы тәулік бойы жұмыс істейтін авариялық-диспетчерлік қызметі тұрғындарды газды қауіпсіз пайдалану жөнінде хабардар етеді. Қояндыға газ келуі халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді және экологияға оң әсерін тигізеді.
Жыл басынан бері сондай-ақ Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдары және Қосшы қаласы газдандырылды.
Биыл ел бойынша жалпы 94 елді мекен газдандырылмақ, онда 300 мың адам тұрады. Осылайша, жылдың соңына дейін Қазақстандағы газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетеді.
Бұған дейін елорданы толық газдандыру қашан аяқталатыны белгілі болды.