Қоянды су қоймасынан 2 бала құтқарылды
Шілденің 26 жұлдызы күні су қоймасында кезекшілікте жүрген құтқарушылар кәмелетке толмаған 2002 және 1999 жылдары туылған балалардың өмірлерін аман алып қалған. Олар шомылып жүріп жағалау бойынан жасанды сал тауып алғанда сонымен су айдыны бетіне жүзіп шыққан. Қызықтың әсерінен желмен судың ортасына сүйреп әкеткенін де байқамай қалған. Дәл осы тұста балаларды көздері шалған құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, суға бата бастаған балаларды судан алып шығып, жағаға жеткізді. Жағалауда оларға қажетті көмек көрсетіліп, алдын алу кеңесі өткізілген.
Құтқарушылардың сауатты және ширақ қимылдарының арқасында ауыр қайғының басы қайтарылды.
Биылғы шомылу маусымы басынан 153 адам құтқарылып, оның ішінде 32 кәмелетке толмағандар болған.
Суда адамдармен қайғылы жағдайды болдырмау үшін облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасақ құтқарушылары үлкен жұмыс жүргізуде.