Қойған жерін ұмытып қалған: 82-дегі кейуана жаңа құжат алды
04:27, 11 Тамыз 2019
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Көші-қон полициясының қызметкерлері Орал қаласының 82 жастағы зейнеткеріне жаңадан жеке куәлік жасап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметініңмәліметіне қарағанда,егде жастағы Клавдия Егорова өз жеке куәлігін қай жерге қойғанын ұмытып қалған.Көші-қон полициясының қызметкерлері 1 тамыз күні зейнеткердің үйіне арнайыбарып, жаңа құжат рәсімдеп берген.
«Зейнеткер қиын сәтте демеу болып, көмектескенполиция қызметкерлеріне алғыс айтты»,-делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.