Қоймаларда 10 жылдан бері жатқан тауарлар бар – Жемқорлыққа қарсы агенттік кеден мәселесін көтерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова еліміздің кеден саласындағы негізгі жемқорлық тәуекелдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың маусымайында агенттік кеден саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіпкөрген болатын. Талдау барысында біршама жемқорлық тәуекелдері анықталды.Олардың ішіндегі негізгісі ретінде келесісін атап өтуге болады: біріншісі –тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақталған тауарларды жою бағытында кеденоргандары қызметкерлерінің уақтылы жұмыс жүргізбеуі», - деді Анар Жароваагенттікте өткен жиында.

Департаментбасшысының айтуына қарағанда, осы мәселенің кеселінен қойма иелері шығынғаұшырап жатады.

«Осының салдарынанқойма иелері ұсталған тауарлардың сақталуына байланысты қаржылық шығынғаұшырайды. Ұсталған тауарлардың сақтау мерзіміне қарамастан (4 ай) тауарларжылдап қоймаларда жата береді. Мәселен, Ақтөбе облысында ұсталған тауарларқоймаларда 2005 жылдан бері жатыр. Сол секілді Алматы облысында 2008 жылданбері жатқан тауарлар бар», - деді спикер.

Анар Жарованыңтүсіндіруінше, қоймалардың тауарлардың сақталуына иелері жауапты. Кәсіпкердіңшамасы келмеген жағдайда қоймаларда тауарлар бюджет есебінен сақталады.

«Алайда іс жүзіндебюджет есебінен тауарды қайтару жағдайы тіркелген емес. Себебі, кеден органдарыбұл бағытта қаражат бөлінбейді», - деді Анар Жарова.

Соңғы жаңалықтар