Көз жасы денсаулыққа пайдалы

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миннесота университетінің ғалымдары жылап алу адамдардың  88,8%-ның көңілін көтеретінін, денсаулығын жақсартып, иммунитетін күшейтетінін анықтаған. Сондай-ақ көз жасы стресстен жақсы ем болып табылады, деп хабарлайды Утро.ру.

«Стресс жүрек талмасына әкеп соқтыруы мүмкін және ол мидың қалыпты жұмысына зақым келтіреді. Көздің жасы ағзадағы жағымсыз химиялық заттарды шығарады», - дейді профессор Уильям Фрэй.

Сонымен бірге анда-санда жылап тұру көздің көру қабілеті үшін де пайдалы екен.